7162022 жылдың қыркүйек айында Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі және колледж кітапханашыларының ұйымдастырумен «Парасат жолы» жобасы аясында жастарды кітап оқуға баулу, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, өз ойларын еркін жеткізуге ықпал жасау, үздік туындыны насихаттау мақсатында башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметовтың «Көше балалары» кітабы бойынша библиодесант ұйымдастырылды.

Айгиз Баймұхаметов жас жазушы, журналист, башқұрт әдебиетінің ХХІ ғасырдағы жарық жұлдызы. Башқұртстан және Ресей Жазушылар одағының мүшесі. Шайхзада Бабич атындағы Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері. Ол 1988 жылы 27 қазанда Башқұртстандағы Белорецк ауданы, Абзаково ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылып, бауырларымен бірге Серменов балалар үйінде тәрбиеленген. Осыған дейін жазушының жетім балалардың аянышты тағдыры жайлы жазылған «Тастамашы, ана!», «Ертегісіз өткен балалық» атты кітаптары жарық көрген. Автордың «Тастамашы, ана!» өмірбаяндық шығармасының желісімен Башқұртстан, Татарстан және Қазақстан театрларында спектакль қойылған.

Ал жазушының «Көше балалары» шығармасында ата-ана жылуынан, мейірімінен мақұрым қалған, әлеуметтік ортадан өз орнын таба алмай, қаңғырып жүріп күн кешкен көше балаларының басынан өткен сан қилы тұрмысы қарапайым, шұрайлы тілмен баяндалады.

Библиодесантқа қатысқан студенттер шығарма жайлы ойларын айтып, шығармадан алған керемет әсерлерімен бөлісіп, шығарма жайлы пікірлерін білдірді.

Жазушы Айгиз Баймұхаметовтың шығармалары қазақ, орыс, татар, чуваш, қырғыз, өзбек, әзірбайжан, түрік, моңғолтілдеріне аударылған.

717